Эсселер ✍️

  05.02.2023
  1102


Автор: Алғыс айту күні

1—наурыз Алғыс айту   күні құтты   болсын!

1— наурыз көктемнің алғашы күнімен тұспа-тұс келетін «Алғыс айту»  күні болып табылады.  Яғни бұл күн әлем халықтары бойынша аталып өтіледі.  Алғыс айту күнінде әр адам осы күніне шүкіршілік етіп,  осы күнге жеткізгені үшін деп Жаратқанға алғыстарын білдіріп жатады.  Сонымен қатар жанына жақын жандарға ашық хат жіберу арқылы да өз алғыстарын жеткізіп отырады.  Алғыс  айту жалпы айтқанда адамдар арасындағы қарым-қатынастарды жақсарта түседі.  Сыйластықтардың артуына жол салады.  Ынтымақ пен бірліктің жандануына шырақ жағады. 
      Дәл осы күні Асқар тау әкеміз бен ақ жаулықты анамызға рахмет айтып,  алғыс білдіріп қойсақ олардың көңілдері көтеріліп,  бір марқайып қалары сөзсіз.  Алғыс айту адамдар арасын жақындатады.  Ренжіскендер татуласып,  бір-біріне ризашылық көңілмен алғыстарын айтып жатса,  олардың бір-біріне деген сенімдері мен сүйіспеншіліктері арта түседі деп ойлаймын. 
     Алғыс айту арқылы адамдар арасындағы бір-біріне деген құрметтері артып,  өзара тіл табысуы жандана түседі деп ойлаймын. Сондықтан кішкентай ғана көмек беріліп,  қандайда бір жақсылық жасалса рахметіміз бен алғысымызды айтуды ұмытпайық. Осы Алғыс айту арқылы адамдар арасындағы достастық пен сыйластықты толықтай сезіне аламыз.
      Гүл көктемнің таза ауасын сезіндіріп, Алғыс айту күніне амандықта жеткізген Жаратқанға мың алғыс!   Осы өмірге әкеліп,  қанаттыға қақтырмай,  тұмсықтыға шоқтырмай аялы алақанда аялап өсірген Асқар таудай әкешім мен,  ақ жаулықты анашыма мың алғыс!  Қасымнан әркез табылатын құрбы-құрдас,  достарыма мың алғыс!  Ағайын-туыс,  бауырларға, ауылдағы қауымдарға рахметім көп, мың алғыс.
      Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!  Алғыс айту күнінен, алғыс айту күніне шаршамай,  талмай амандықта жете берейік!,

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу