04.02.2023
  33013


Автор: Жібек Ысқақова

1 Наурыз – Алғыс айту күніне балаларға арналған тақпақтар жинағы

1) Алғыс айту күнімен


Алғыс айту күнімен,
Құттықтаймын сіздерді.
Жаратқанға мың алғыс,
Аман еткен біздерді.


2) Құтты болсын бүгінгі


Құтты болсын бүгінгі,
Алғыс айту күні бұл.
Туған елім мың алғыс,
Қабыл ал шаттық үнім бұл.


3) Отаным, жерім мың алғыс


Отаным, жерім мың алғыс,
Сенде туып, сенде өстім.
Рахмет саған туған жер,
Алмасын бізден сені ешкім.


4) Ағайын-туыс мың алғыс


Ағвйын-туыс мың алғыс,
Туысқандар барыңа.
Рахмет айтам тағы да,
Атар әрбір таңыма.


5) Алғысым көп, рахмет


Қазақ елім, Отаным,
Қазақ тілім мың алғыс.
Рәміздерім, байрағым,
Берер бізге толғаныс.
Жаратқаным жар болып,
Бола берсін оңнан іс.


6) Бірінші наурыз күні бұл


Құтты болсын қазағым,
Алғыс айту күні бұл.
Көктемнің күні бірінші,
Бірінші наурыз үні бұл.


7) Алғыс айтам бас иіп


Ағайын-туыс сіздерге,
Алғыс айтым бас иіп.
Рахмет, көп алғысым,
Айтарым сол басты иіп.


8) Бауырларым мың алғыс


Бауырларым, рахмет,
Алғысым көп сіздерге.
Амандықта болыңдар,
Жол көрсетіп біздерге.


9) Ата сізге мың алғыс


Ата сізге мың алғыс,
Бата беріп жүресіз.
Рахмет ата сізге тек,
Алғысым көп білесіз.


10) Рахмет әже, әжетай


Рахмет әже, әжетай,
Ертегі айтып бересіз.
Алғысым көп әжетай,
Көңілге гүл себесіз.


11) Рахмет әке, алғыс көп


Еркелетіп, жетелеп,
Өсірдің әке, рахмет.
Әрқашанда жасаймын,
Өзіңізге мен құрмет.


12) Жан анашым, рахмет


Әлпештеген, аялап,
Жан анашым рахмет.
Алғысым көп өзіңе,
Рахметімді қабыл ет.


13) Рахмет сізге, ағатай


Рахмет сізге, ағатай,
Қамқоршы боп жүресіз.
Алғысым көп өзіңе,
Оны да аға білесіз.


14) Әпке сізге мың алғыс


Әпке сізге мың алғыс,
Рахметім көп менің.
Саулығыңды тілеймін,
Жаным әпкем, тек сенің.


15) Рахмет інім, бауырым


Рахмет інім, бауырым,
Алғысым көп өзіңе.
Жүрші аман жан інім,
Рахметімді сезіне.


16) Рахмет саған сіңілім


Табылатын қасымнан,
Рахмет саған сіңілім.
Алғысым көп өзіңе,
Ұзақ болсын ғұмырың.


17) Қарындасым, Рахмет


Қарындасым, рахмет,
Өзіңе көп алғысым.
Гүлдей жайнап қарындас,
Сәтті болсын әр ісің.


18) Көке сізге, мың алғыс


Біздері ойлап жүретін,
Көке сізге рахмет.
Алғыс айтып қашанда,
Қып жүреміз біз құрмет.


19) Рахмет апа, алғыс көп


Рахмет апа, алғыс көп,
Айтамыз шын жүректен.
Әрбір наурыз шаттықта,
Қарсы алсын гүл көктем.


20) Нағашы сізге мың алғыс


Нағашы сізге мың алғыс,
Айтарымыз көп біздің.
Жалғасын тапсын нағашы,
Ұмытылмас текті ізің.


21) Жиенім саған мың алғыс


Рахмет саған, жиенім,
Алғыс айтам өзіңе.
Амандықта, саулықта,
Бақытты бол, сезіне.


22) Рахмет құрбым, мың алғыс


Рахмет құрбым, мың алғыс,
Айтамын шын жүректен.
Әр наурызда шаттана,
Құлпыра бер әр көктем.


23) Рахмет саған, жан досым


Рахмет саған жан досым,
Өзіңе көп алғысым.
Әрбір наурыз, әр көктем,
Сәтті болсын әр ісің...


24) Алғыс айту күні бұд


Алғыс айту күні бұл,
Бірінші наурыз кеп жеткен.
Араздықтар жойылар,
Самал жел кеп тербеткен.


25) Алғыс айту күнінде


Алғыс айту күнінде,
Араздықтар болмасын.
Жаратқаным жар болып,
Сыйластықтар орнасын.


26) Алғыс айтар күн осы


Татуласып араздар,
Алғыс айтар күн осы.
Бірінші наурыз ерекше,
Ынтымақ артар күн осы.


27) Алғыс айту күнінде


Алғыс айту күнінде,
Әнді бірге салайық.
Алғыс айтып, риза боп,
Жұлдыздайын жанайық.


28) Мың алғыс саған


Мың алғыс саған, мың алғыс,
Рахмет көп, алғыстар.
Жан дүниені байытар,
Көбейе түссін алғыстар.


29) Алғыс айту күн осы


Алғыс айту күн осы,
Рахметті жаудырып.
Жүректен алғыс айтайық,
Барша адамды таң қылып.


30) Алғыс айтам сіздерге


Ағайын, туыс, бауырлар,
Алғысым көп сіздерге.
Жаратқаным жар болып,
Жақсы күп берсін біздерге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жанат
Жанат 24.02.2024 19:36
Коп коп рахмет.керемет.
Аяла
Аяла 22.02.2024 11:40
Өте керемет .бәрін жазып алдым рахмет ,,?❤️
Аружан
Аружан 28.02.2023 21:27
Нормально екен
Шатыр Мариям
Шатыр Мариям 28.02.2023 21:22
Тақпақ
МАМА
МАМА 23.02.2023 19:10
НОРМ
Аянат
Аянат 05.02.2023 14:54
Мынау өлеңдер неткен керемет еді. Бір оқысаң оқи бергің келеді ғой ♥♥♥

Пікір жазу