Баталар ✍️

  04.02.2023
  396


Автор: Алғыс айту күні

Жаратқаным қолдасын!

Әрбір қазақ баласын,
Жаратқаным қолдасын!
Алғыс айту күнінде,
Сыйластықтар орнасын!
Реніш пенен ыза кек,
Ешқашанда болмасын!
Еліміз аман, жұрт тыныш,
Бар жақсылық орнасын!
Көңілдерде күй ойнап,
Шаттық тапсын жалғасын!
Айтылып көп алғыстар,
Бақ-береке жалғансын!
Бірінші күні көктемнің,
Күн шырайын таңдасын!
Балалардың оқитын,
Қанаттары талмасын!
Абырой мен ынтымақ,
Көңілге күй арнасын!
Студенттер бітірер,
Қыран құстай самғасын!
Жаратқаным жар болып,
Қазақ елі жандансын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу