Өлеңдер ✍️

  01.02.2023
  612


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Ару қала

Арман болған жастарға ару қала,


Ғашық болған бұл жерге ұл-қыздарда


Баурап алар деңгейі биік қала.


Аспанменен қол ұстасқан тауы барда,


Сен ешкімнен қорықпа жалғыз қалма


Есің болса бізге кел! Алматыға.


Әсем қала тауы бір қорғандарма?


Нық қадам бас мақсатыңды қолға алда,


Алматы саған күліп қарадыма?


Бұл қала жоғалтардай әлсізсіңба?


Тарихы көп асыл қала Алматымыз


Бекер босқа жоғалмай қалатынбыз,


Алматының көгіне шығып алда.


Айғайласаң айғайла қысылсаңда


Бұл Алматы көтереді еркелікті,


Бұл Алматы өлтіреді еріншекті.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу