Өлеңдер ✍️

  30.01.2023
  87


Автор: Есбол Бозан

Алғашқы рет, соңғы рет

Мен сені көрген сәтте алғашқы,


Сен үшін төккен едім әр жасты.


Ал қазір өмірімнен мән қашты,


Көңілімді қар басты.


 


Алғашқы рет танысқанда сенімен,


Мен өзіңді ханшайымға телігем.


Ал қазір бәрінен де жерінем,


Жыр жазуға ерінем.


 


Сені ойлап қиналады көп жүрек,


Сені ойлап жүрегіме толды дерт.


Көздеріңді тұрған, сірә, мөлдіреп,


Көрейінші соңғы рет.


 


Соңғы рет көрейінші жүзіңді,


Соңғы рет естиінші үніңді.


Мәңгіге үмітім де үзілді.


Шын сүйген ем өзіңді.


 


29.01.23


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу