29.01.2023
  308


Автор: Қуаныш Ермахан

Неліктен сіз қарым-қатынаста емессіз?

Түсінгеніңіздей, бұл пост бос, бойдақ ер адамдар мен қыздарға қатысты. Мен негізгі себептер туралы айтамын және егер осылардың біреуі сізге келсе, астына сұрақтарыңызды жаза кетіңіз, міндетті түрде жауап береміз⤵️

– Сіз кездесулерге сирек барасыз

Бұл нәрсенің негізгі салдары - сіздің коммуникациялық дағдыларыңыздың (коммуникативные навыки) әлсіреуі. Іс жүзінде қыздармен/жігіттермен өте сирек қарым-қатынасқа түсесіз (даже жай сөйлесуге қысылу, жақындай алмау, ұялу), және осыған байланысты сіздің денеңізде қарама-қарсы жынысқа қажеттілік қалыптасады. Коммуникация қажет деп жүресіз де, бірақ нәтижесінде бейсаналық таңдау жасап, қателікке ұрынасыз. Коммуникация болмаған соң адамды танып, ашылып сөйлесе алмайсыз. Бұл жайлы антикурста толық айттық.

– Көтерілген Эго (тәкаппарлық) және идеальный адамға ұмтылу

Сізде қызға/жігітке деген көп талаптар мен критерийлердің толық тізімі бар және ол тізіміңіз ешқашан аяқталмайды, сіз әрқашан жаңа нәрсе ойлап табасыз. Сіз ақ боз атты ханзаданы армандап, күтіп жүресіз, ал егер сіз ер адам болсаңыз, онда сіздің таңдауыңыз Victoria Secret-тің моделіне түскен болуы мүмкін (яғни керемет бір адамды елестетіп, соған жетемін деген ой). Әрине, ешкім сіздің армандауыңызға тыйым салмайды, бірақ мәселе сіз өзіңіз оған сәйкес келесіз бе, жоқ па?!

– Бұрынғы ауыр қарым-қатынастар

Уақыт - ол ең құнды ресурстың бірі. Сіз қателермен жұмыс істеудің орнына, сәтсіз қарым-қатынастан кейін деструктивті күйге түсіп кетесіз Қазіргі жағдайды қабылдағыңыз келмей, сіз жабылып қаласыз және жаңа қарым-қатынасқа мүмкіндік бермейсіз. Жаңасына қорқыныш болуы мүмкін (бір жігіт маған: мені тастап кетті қызым, енді ешкімге жақындамаймын деп, барлық қыздарды жаман көріп, 2 жылдай қорқып жүрген…).

– Отбасылық репрессия

Отбасының пайдасына таңдау жасау керек деген үмітпен туыстарыңыз (ата-ана) миыңызға құяды: жақсы келін алып кел, ол мынадай болсын, анау жақсы, мынау жаман, жұмысы қандай, мұндай қыз керек емес… Бұл нәрсе кімнің болмасын басында блоктарды құрайды. Нәтижесінде солар қалаған таңдау жасап, сіз өзіңіздің емес, ата-анаңыздың өмірін сүресіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу