Өлеңдер ✍️

  16.01.2023
  460


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Сыр айтамын


( Динара есімді оқырманымның мұңы. Менің, ,,Көзбояушылықты қояйықшы” өлеңімнен кейінгі шешімі екен)


Сырымды шығарайын, сырғанатып,
Ішімде жатқан тұнып, мұңға батып.
Анамды, әкемді де жек көргенмін,
Білемін, жынды дерсіз, тыңдап оқып.


Көргенмін.
Алқаш әке бүршігімнен,
Жүргенін, анам ылғи күрсінумен.
Тыныштық болған күні есімде жоқ,
Оянам, әлі сол кез дүрсілінен.


Жазықсыз, соққы көрдік арасында,
Кей күні қондық көрші қорасында.
Жұпыны, болды киім.., үйімізде,
Күн көрді, қиял ғана бар асылда!


Безердей, болып жүрдік үйімізден,
Отбасы, бірлігі жоқ күйімізден.
Бүгінде, бүтін бауыр жайғасқанбыз,
Ұзақ жыл, кетпей сынақ, жиі бізден.


Һақым жоқ өкпелеуге, кешіремін,
Сатпағын, парағымның өшіремін.
Өтінем, ата-ана, өзі үшін,
Қойсыншы, перзентіне өшігерін!


Мейірім, көрмей жүрек, ұйып қалған,
Мінезім, мүмкін содан тұйық болған…?!
Жалтаңдап, жабырқаған ғұмырымды,
Қуаттап, жетелейді биік арман!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу