Өлеңдер ✍️

  14.01.2023
  238


Автор: Есбол Бозан

ГЕНЕТИКАЛЫҚ ДИКТАТУРА

Адам өзіне қажетті дəрумендерді табиғи өнімдерден іздегені дұрыс. Себебі, оның адам өмірінде алатын орны ерекше. Бұл биологиялық қажеттілік! Алайда, бүгінгі өнімдердің басым бөлігі химиялық заттардан тұратыны белгілі. Жасанды жолдар арқылы ағзалардың гендерін алмастыру тəсілі де қарқын алған. Мысалы, бір өсімдікке бөгде жануардың генін енгізіп, ұзақ мерзімге сақталатын, ыстық пен суыққа төзімді көкеністер өндіруге болады. Тағы сол сияқты... Нəтижеде, өнім өзінің табиғи қасиетін жоғалтады. Дүкендегі сырты жылтыр іші қатты, көлемі үлкен, құрт түспейтін жемістер соның бір айғағы. Өзінің табиғи қалыбынан айырылған жеміс-жидектерді жəндік атаулы жемесе керек. Құрт-құмырсқалар əдетте шырынды əрі тəтті нəрселерге үйір болады емес пе? Құрт жемеген алманы адамдар жесе не болмақ ендеше? Бұны «ГМО» (гендік модификацияланған организмдер) деп атайды. Яғни, бір ағзаның генін басқа бір ағзаның ДНҚсына енгізу арқылы алынатын өнім. Иə, болмаса, пəленбай   гектарды қамтитын егін алқаптарын айтыңыз. Оларды зиянкестерден қорғау үшін петцицит қолданылады екен. Ол барлық химиялық қосылыстардың жиынтығы. Оны арнайы техникалармен егіндерге шашады. Əрине, бұл үрдіс өндіруші фирмалар үшін тиімді шығар. Десекте, адам денсаулығы оданда маңыздырақ екенін ұмытпаған абзал!
Жоқ менің шындықты аяр жайым.
Жыр жазуға сондықтан аялдайын.
Көпшіліктің көкейін мазалаған
Мəселені басынан баяндайын.
Дүкендер химиялық тағамға бай,
Тұтынады оларды адам қалай?
Осының барлығын көріп тұрып,
Отырайын қалайша алаңдамай.
Игілікке жұмсасын күшін адам,
Залымдардың қашанда ісі жаман.
Базардағы бүгінгі тағамдардың,
Гендері өзгеріске ұшыраған.
Түрлі заттар енгесін құрамына,
Жеміс деген табиғи болады ма?
Қандайда бір өнімді алмас бұрын,
Үңіліңіз алдымен қорабына.
Ақша деген адамға екен арман,
Одан менің көңілім секем алған.
Бұл күні жасанды əдіспенен
Жемістерді көгерту етек алған.
 
Білмеймін, кім бұдан бақ табады,
Жарнамада бəріде мақталады.
Табиғаты жемістің өзгергесін,
Пішіні де ұзаққа сақталады.
«ГМО» өнімдері молайды нақ.
Өндіріске бұл əдіс қолайлырақ.
Ішіп жүрген «Колаңның» залалы көп,
Сыртқы түрі болғанмен,
шырайлырақ...
Қатер төніп келеді саған қарай,
Дүкендер химиялық тағамға бай.
Сондағы алманы құрт жемесе,
Тұтынады оларды адам қалай?
Бұл жөнінде мұқият ойланарсың,
Қайратың мен қарқының,
бойда жансын...
Адам деген саулығын күтем десе,
Табиғи өнімдерді пайдалансын.
Дəрумені дақылдың тоналғасын,
Білесің ғой, азықтың оңалмасын.
Неше түрлі сусындар көбейсе де,
Қымыздары қазақтың, жоғалмасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу