Өлеңдер ✍️

  14.01.2023
  329


Автор: Есбол Бозан

ҚАРУСЫЗ МАЙДАН

Жайғасты бүлік қасыңа,
Бəлекет болып басыңа.
Көкжəшік əр үйдің төрінде,
Қарусыз майдан осы да...
Далбақтап жүрген халі мас,
Намазды айтса жаны қас.
Шалдар да бүгін көбейді,
Құдайын мүлдем танымас.
 
Бір қуыс сайлап іңірден,
Арақты судай сімірген.
Өсекті айтып қайдағы,
Өмірден мүлдем түңілген.
Үңіліп қыздар хатқа мың,
Ойлайды жалған бақ қамын.
Білмейді олар мода деп,
Арының кетіп жатқанын.
Тектілік қызда болмаса,
Ханшайым деген атқа мін.
Надандық жайлап сананы,
Арсыздық елде тарады.
Алпысқа келген əжеңіз,
Орамал таққан əйелге,
Айуан көзбен қарады.
Тойларда билеп құтырсақ,
Нəпсіден біздер ұтылсақ.
«Демократия» деген теңіздің,
Түбіне кетіп жұтылсақ.
Қаршадай ғана ұлдарың,
Намысы кеткен қоғамнан,
Қандай өнеге алады?!
Ей Қазағым, қайтейін!
Ұрпағың міне осылай,
Құрдымға кетіп барады.
Мүттəйім ойды жау ұқты,
Бір қару ойлап тауыпты.
«Көкжəшік» деген нəрсе ғой,
Мұсылман біткен қауымға,
Бомбадан бетер қауіпті.
 
Қырыққа келген «көкенің»,
Имамға емес көңілі,
Иванға қарай ауыпты.
Кəпірлер ойлап көп істі,
Момынға кебін өлшеткен.
Өздері жасап соғысты,
Бақылап тұрған бір шеттен,
Пайғамбардың сүннетін,
Бұл қоғамға ерсі еткен.
Момынды күллі ғаламға,
Террорист етіп көрсеткен.
Иманы жоқ дұшпандар,
Шығарып түрлі фильмді,
Жалаңаш қылды келінді.
Сыраны еркін саудалап,
Көгілдір қылды еріңді.
Кафенің бойын сауғалап,
Көкенің күші желінді.
Қашанғы бұлай жүресің,
Ішіңе тартып деміңді.
Ей, Қазағым, қайтейін,
Бойыңда намыс болмаса,
Жүректе иман қалмаса,
Зəузатың зəулім сарайда,
Құранға құлақ салмаса,
Пайғамбар айтқан сөздерді,
Есіне мүлдем алмаса,
Дұшпаның онда оқ атпай,
Пультімен ғана басқарып,
Қарусыз алар жеріңді.
Еврей билеп жер бетін,
 
Жасырып ылғи келбетін.
Сирия мен Ғирақты,
Танкімен барып қиратты,
Бомбалар тастап күнбе күн.
Соларды көріп Қазекең,
Мұсылман десе баж етер.
Ақылың сенің аз екен,
Газетке сенбе «жə, жетер!»
Сионистік саясат,
Қарапайым халықты,
Құрту үшін санасын,
Музыканы дамытты.
Сол себепті көрсеңіз,
Мына ұрпақ ғылымды,
Меңгеруден қалыпты.
Қия басып білімді,
Ізденуден жалықты.
Бойларына сан қилы,
Арсыздықты дарытты.
Халықтарды мал қылып,
Алкогольді таратты.
Бұл əлемнің назарын,
Теледидар арқылы
Өздеріне қаратты.
Келмеді ме Қазағым,
Ақиқатты ұғар күн?!
Тым зымиян халыққа,
Көзқарасы бұлардың.
Маңдайына елімнің,
Тумаса екен мұнар күн.
Бұл күйіңе алаңдап,
 
Осы өлеңді шығардым.
Азғыратын тұстан мың,
Қу жоспарын дұшпанның,
Айтпағанда шырылдап,
Жасырмайтын шығармын.
Құлатпасам төбемнен,
Асырмайтын шығармын.
Жерден Тажал шықса да,
Көктен бəле түссе де,
Сен аман бол, Қазағым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу