Өлеңдер ✍️

  14.01.2023
  103


Автор: Есбол Бозан

БІЗДЕР

Біз деген түрмедеміз...
Ғылым жолын игерсек, гүлденеміз.
Көкейдегі ақылдың бабын тапсақ,
Бостандыққа шығуға үлгереміз.
Біз деген түнектеміз...
Иманыңды ендеше жүдетпеңіз.
Саулығыңды тоздырып темекімен,
Ауруыңды бекерге үдетпеңіз.
Біз деген жадыландық...
Ақпаратты талғамай қабыл алдық.
Теледидар қоғамның соры болды,
Ақиқатты бұл емес танығандық!..
 
Біз деген бұғатталдық...
Жарнамаға өтірік құлақ салдық.
Оңай келген табысты пайдаланып,
Жетістікке жетуге мұраттандық!
Біз деген қапастамыз...
Тура жолдан ендеше адаспаңыз.
Газет пен журналды оқып алып,
Саясатты білем деп шатаспаңыз.
Біз деген бағдарландық...
Тосқауылдар күтіп тұр алдан барлық.
Музыкамен сананы тоздыратын,
Масондардың пиғылын аңғармадық.
Біз деген құрықталдық...
Капиталдық жүйемен сұрыпталдық.
Үлгі тұтып жындыны, дəріптедік.
Бұл енді ақылды ұмытқандық!
Біз деген қамаудамыз...
Күнтізбенің беттерін санаудамыз.
Қараңғыдан жарыққа шыққың келсе,
Ұшқынымен иманның алаулаңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу