Өлеңдер ✍️

  14.01.2023
  106


Автор: Есбол Бозан

БОСТАНДЫҚТАҒЫ ТҰТҚЫНДАР

Ақпаратқа алданып қоғам жалған,
Ақиқаттан аңғал жұрт күмəнданған.
Адамдардың милары жадыланып,
Сионисттік* жүйемен бодандалған.
Ішімдікке құлқыны байланғасын,
Көтереді тобырлар қайдан басын.
Бір қалыпты деңгейден аспайды жұрт,
Бостандығы тұтқынға айналғасын.
 
Адамдардан азайып кенет ілім,
Соқыр болды, əр неге сенетұғын.
Бостандық деп жырлаған мына қоғам,
Тұтқынына айналды темекінің.
Еріккендер той-думан іздейді көп,
Құмарлығын басуды көздейді нық.
Бұл өмірдің рахатын аңсап жүріп,
Тұтқындалып қалғанын сезбейді жұрт.
Көкірегін жатқандай шоқ күйдіріп,
Сауыққойлар клубқа беттейді күрт.
Теледидар бір армия жасақтады,
Сəбилердің барлығын көк ми қылып.
Түрлі шоулар аңқауды алаңдатып,
Казинодан іздейді надан бақыт.
Өмірлік ұстанымың болмаған соң,
Шыңырауға барады санаң батып.
Қарауытып көз алдың тұмшаланған.
Жаның болса рухани бопсаланған...
Күнделікті ішетін тағамыңда,
Көз ашпайды химиялық қоспалардан.
Ұстанбасаң өмірдің адал заңын,
Тура жолға басылмас қадамдарың.
Айналаға қарадым, көз тастадым,
Азат ойлы адамды таба алмадым!
Таба алмадым ойлыны, ұстамдыны,
Сақталатын залымға дұшпандығы...
Рухымыз азаттық ала алмаса,
Кімге қажет дененің бостандығы?!
Кімге керек дененің бостандығы?!
Сионизм* — еврейлердің ұлттық буржуазиялық қозғалысы осылай аталады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу