Өлеңдер ✍️

  14.01.2023
  103


Автор: Есбол Бозан

ҚАСТАНДЫҚ

Залымдар адамзатқа өз үстемдігін жүргізуде. Қоғамдық орындарда жүріп «темекі шегетін орын» деген жазуларды жиі кездестіріп қаламын. Бұл жазу көңілге күдік ұялатады. Халық санын қысқартудың айқын көрінісі. Ішімдік пен темекілер ашық түрде сатылымға шықты. Терандық шабуылдың жаңа бір тəсілі дерсің. Бұл бəлкім осыдан бірнеше жыл бұрын жоспарланған шығар. Алайда, көпшілігі бұдан хабарсыз.
Мына сіздің шегетін анашаңыз,
Саулығыңа салады орасан із.
Жөн болады бұл істі тастағаның,
Екі дүниенің бақытын қаласаңыз.
Халық болсақ əрдайым тамаша біз,
Мəдениет пен ғылымға жанасамыз.
Көзің шалар қитұрқы жазбаларды,
Қоғамдық орындарды қарасаңыз.
Темекі шегетін орын дейді,
Бұл біздерге жасалған дара шабыс.
Азаймай тұр, ішімдік тұтынатын,
Адамдардың қатары санасаңыз.
 
Жарнамаға жанарың тұмшаланып,
Ертегіге жүресің сонша нанып.
Салауатты өмірге ұмтылмайсың,
Көз алдыңда жарқырап тұрса да анық.
Имандыны бұл істер баурамайды,
Сайтан үйін надандар қаумалайды.
Дұшпан сенің ұлтыңды жою үшін,
Дүкеніңе арақты саудалайды.
Сондықтан, байқалып бойдан жалын,
Жөн болады бүгіннен ойланғаның.
Бұл індеттен еліңді құтқармасаң,
Ашылады, гүлденіп, қайдан бағың?
Дұшпан жазар айласын жөнді қылып,
Сол арқылы басыңа төнді бүлік.
Қарапайым халықты құрту үшін,
Есірткілер жатыр ғой өндіріліп.
Бір соғысты бастады бұлар нағыз,
Қызықтырып тобырды құмарға жүз.
Бұның бəрі қастандық екендігін,
Бір сəтке жадыңнан шығармаңыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу