Өлеңдер ✍️

  14.01.2023
  71


Автор: Есбол Бозан

ЕРТУІЛ

Ниеті бұрыс əлемдік үкімет құрған жасырын ұйымдар, тұтастай бір халыққа өзінің саясатын жүргізіп отыр. Қоғамды отарлау жүйесі жаңа бір сипатта көрініс тапқан. Адамзат рухани дағдарыстың құрбаны болды. Залымдардың ғасырлар бойы дайындаған жоспары біртіндеп жүзеге асуда. Айтақшы арқылы аңғал халықты адастыру тəсілі де бұлардың жобасында бар. Ол қолдан жұлдыздар жасап, қалған тобырды оның соңынан ертуді көздейтін əдіс. Нəтижесінде, адам өзінің кумирін пір тұта бастайды да, соған ғана еліктеп жанкүйерлік етеді. Санасезімі мен мінез-құлқыда соның бағытына қарай өзгере бермек. Бұл тұтастай бір халыққа рухани тұрғыда жасалған сионистік шабуылдың бір түрі. Бұның салдарынан халық өзінің тегін ұмытуы ғажап емес.
 
Сіз білесіз бе?
Қоғамнан күй кеткендігін,
Бір сиқыр жаныңды күйреткендігін.
Ата-жауың апта сайын кино түсіріп,
Арсыздықты балаңа үйреткендігін.
Мəңгүрттер клубта тайраңдағасын,
Өз ұлтының түсінер қайдан бағасын.
Жастарымызға кімдер кеңес береді?
Бұл туралы үлкендер ойланбағасын.
Аңғармайсыз ба?
Шыға алмай құрықтан бүгін,
Фильмдерге жастардың құныққандығын.
Шетелдегі əртіске еліктейміз деп,
Өз елінің тарихын ұмытқандығын.
Жүрмеген соң санасын бағалап мəнді,
Рухани байлықтан балаң аш қалды.
Жастайынан «хикая» көріп өскен соң,
Қыздарымыз шетінен жалаңаштанды.
Байқамайсыз ба?
Жоғалып маңайдан білім,
Жүректері пенденің қарайғандығын.
Əншілер мен бишінің қарасы артып,
Жазушымен ақынның азайғандығын.
Мəдениеттің ұғынбай анық бағасын,
Надандықтың түбіне бағытталасың.
Қалай ақыл таппақсың, даңққұмарлар
Қиялыңда құс болып қалықтағасын.
 
Қарамайсыз ба?
Жау құрып ала қақпанын,
Сақалды мұсылманға жала жапқанын.
Алпыстағы шалың да дінінен жеріп,
Көксандыққа телміріп бара жатқанын.
Манипуляциялық үрдіске қажалып ақыл,
Тұрмайтын болды пенденің ажарында нұр.
Ұрпағыңды құрту үшін жердің бетінен,
Сан мыңдаған жоспарлар жасалып жатыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу