Өлеңдер ✍️

  14.01.2023
  92


Автор: Есбол Бозан

ҚИЯМЕТ ҚАРСАҢЫНДА

Жақындады ақыр заман болатын күн,
Соғыс өрті жаһанды шалатын мың.
Бүліктер басып келеді күннен күнге,
Қою көлеңкесіндей болып қара түннің.
Тура жолдан адасып жұртым қашты,
Ұранына айналып жылдың басты.
Жақындап жыл сайын ақыр заман,
Жамандар жақсының орнын басты.
Мұсылманмен белгілеп алысар күн,
«Масон» деген қауыммен таныс əркім.
Барлық кəпір АҚШ-та басын қосып,
Сириядан бастады соғыс өртін.
Содан кейін халықты бір алдады,
Бұқаралық ақпарат құралдарың.
Беттері бүлк етпестен, мұсылманды,
«Бүлікші» - деп əлемге ұрандаған.
Бұған куə, бүгінде барша ғалам,
Шындық орын алды əр санадан.
Сирия мен Ғирақты айтпаған да,
Украинада мерт болды қаншама адам.
Міне, солай пасықтар жаны батпан,
Қарапайым халықты аңыратқан.
Бейбіт күндер айналып сағымдарға,
Соғыспенен бүліктің саны артқан.
Патшаға балайтындар өзін тіпті,
Перде кейіп халықтан жүзін бүкті.
Əділдікті талап еткен адамдарды,
Жандайшабы арқылы көзін құртты.
 
Тұздай қылып құрту үшін ұрықтарды,
Жаңағылар ортаға бүлік салды.
Еркектердің намысын өлтіру үшін,
Тұрғызды кафе мен клубтарды.
Айықпасақ бұл дерттен құлан таза,
Ұлтың болмай қайтеді бұдан қаза.
Имансыздар Исламға соғыс ашқанымен
Өздері сүттен ақ, судан таза.
Дүниямен жарысудың келді ойраны,
Əйелдерден төмендеді ер байламы.
Бұл күні даладағы қойшылардың,
Сарай салып жарысуы сəнге айналды.
Кеңесшілер айтқанымен бар ақылды,
Қақ бөліп жара алмады қара қылды.
Зиян екенін білсе де, дүйім жұртқа
Арақ-шарап оп-оңай таратылды.
Байланыс үзіліп жақыннан да,
Базарлар көбейді жақын маңда.
Əйелдер еліктеп еркектерге,
Еркектер айналды қатындарға.
Экраннан бəлені халық тосты,
Пультіменен киносын алып қосты.
Ұрпағының милары жадыланып,
Ақырында мəңгүрт боп қалыптасты.
Ғаламторды адамдар «достық» көрді,
Байлықсыз өмірді «бос» деп білді.
Даналар ақымақ есептеліп,
Ақымақ бұл күні бастық болды.
 
Иманды жүректе жатқан құнды,
Жою үшін дұшпандар қақпан құрды.
Бұл күні «сауап» жасау ұят болып,
«Ұят» жасау керісінше мақтан болды.
Жалаңаштар шетел асып, тауға барды,
Жаулық киген əйелдер дауға қалды.
Ашылып клуб пен казинолар,
Зинақорлық қоғамды жаулап алды.
Таухид діннің тірегі десекте енді,
Ол адам «террорист» есептелді.
Газет-журнал шығарып апта сайын,
Халыққа таратты өсектерді.
Адасқасын ақпарат жинап түрлі,
Басымызға осындай күй тап болды.
«Нəпсіменен соғысу» күрес емес,
Өзін жару керісінше «жиһад» болды.
Дінді айту қоғамға қауіп болды,
Өтірік ақпараттар жауып тынды.
Он үш жасар боқмұрын күні кеше,
Қазақстанға əйгілі «тəуіп» болды.
Жақсылыққа шақыру қылмыс болды,
Жамандыққа шақыру жөнді іс болды.
Техногендік үрдістер қалыптасып,
Уақыт деген зуылдап, күн қысқарды.
Тамырымен жымқырып жеке малды,
Байбатшалар шетелге кете барды.
Кедейдің мойнына шынжыр салып,
Өсімқорлық қоғамда етек алды.
 
Жұмыс жасап шариғатпен өлшенбейтін,
Адам көп, жеңіл олжа көрсем дейтін.
Парақорлар көбейді кеңселерде,
Пара алудан ешқандай сескенбейтін.
Бір ғибрат Құраннан алсақтағы,
Болмас едік наданның қол шоқпары.
Бөгде адам жаныңа бауыр болып,
Шын бауырың қасыңнан алшақтады.
Мансап болса адамның бас арманы,
Жүрегінен тыныштық қашар-дағы.
Шарбақтары шойыннан көтеріліп,
Көршілердің арасы нашарлады.
Аманатқа қиянат жасалынды,
Шындықты шырқаса бас алынды.
Осындай бүліктің ортасын да,
Тақуамен дос болу аса құнды.
Тақуалар – Құдайдан қорыққандар,
Минут сайын сынаққа жолыққандар.
Жаратқаннан əрдайым жəрдем тілеп,
Жасаған жақсылығын ұмытқандар.
Пасық қана оларды жек көреді,
Маңайына жоламай шет жүреді.
Көшедегі маскүнемді байқамай қап,
Сақалдыны қылмыскер деп біледі.
Байланған соң дəлелсіз хабарға нық,
Шындықтың шыңына бара алмадық.
Залымдар бұл күні мырза болып,
Момындар қарақшы саналды анық.
 
Өз ойын айтқанымен əркім талай,
Ақиқат сақталады қалпында ұдай.
Жастардың күйі жоқ, тым құрыса
Бір тəулік жүретін əн тыңдамай.
Музыкалық аспаптар шалынғасын,
Болып тұр надандау халің басым.
Жын-ойнаққа ақыры мас боласың,
Жүрегіңнің бір шеті қабынғасын.
Шетелдегі жұлдыздың ақша құмар,
Отанымда болып тұр жақтасы мол.
Мəңгүрт халық соларды үлгі тұтса,
Дұшпанның да көздеген мақсаты сол.
Зындықтар дүниеге үстем болып,
Отанымның төріне көшкен бүлік.
Қару ұстап кетпесек жарар еді,
Тажалдың қасына əскер болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу