Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  164


Автор: Есбол Бозан

БАҚЫТ

Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын)
былай дейді:
«Расында, Аллаһ Тағала бұл дүниені сүйген құлына да,
сүймеген құлына да бере береді. Ал иманды тек сүйген
құлына ғана береді!»
Ахмад



Алла берген байлықты бағаламай,
Адам көзін дүниеге салады оңай.
Орнына ақыретті ойға алудың,
Жолдарын іздейміз бай болудың.
Болғанымен біреудің тұрқы күшті,
Бақ-дəулеті көзінен бұлбұл ұшты.
Біреуге бақыт деген – бала табу,
Жұбайына керемет жар атану.
Адамдар семіртіп өңкей тəнін,
Бар екенін ұмытады емтиханын.
Бақыттың белгісі емес жайнап білу,
Күн сайын той жасап, ойнап күлу.
Бақыт деген жігерің барында сау,
Ақыреттік өмірдің қамын жасау.
Ақиқатты жүрекпен қабыл ету,
Қиындықтың бəріне сабыр ету.
Қалай бақыт таппақсың, шіркін ұқшы...
Бір Аллаға қылмасаң құлшылықты.
 
Атақ-даңқ, бала-шаға, жүдə күшің,
Бəрі саған берілген сынақ үшін.
Бұл өмірде байлыққа шалқығаның,
Сорың болып жүрмесін арты қалың.
Кедейлікте бақ емес, үңілші ұғып,
Барына ете алмаса, шүкіршілік!
Бақыттылық, білдірмей өкпе мүлде,
Барыңа қанағат еткенің де!
Бақыттың белгісі емес жиған мүлік,
Нағыз бақыт дегенің – имандылық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу