Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  86


Автор: Есбол Бозан

КЕШІРІЛМЕЙТІН КҮНƏ

«Шындығында Алла Өзіне серік қосқанды кешірмейді,  ал одан басқаны (басқа күнəні) қалаған пендесіне кешіреді.
Кімде-кім Аллаға серік қосса, ол қатты адасады».
«Ниса» сүресі, 116-шы аят



Күпірліктің түбіне бойлағасын,
Күнəлі істі көбірек ойға аласың.
Көріпкелге сенгендер, ақыретте
Бақытқа жетем деп ойламасын.
Біледі деу бақсылар болашақты,
Бұл дегенің кешірілмес күнə нақты.
Өзіне серік қосқан құлдарына,
Əзірледі Жаратқан зор азапты.
Көріпкел мен бақсыға нанатындар,
Тозақта отын болып жанатындар.
Күнəлары ешқашан кешірілмей,
Сол жерде мəңгілік қалатындар.
Ұстамаса қай пенде дінін мықты,
Ақыретте жоғалтар құнын тіпті.
Кейбір адам Аллаға ортақ қосып,
Өздеріне жасайды зұлымдықты.
Түсер болса басыңа нала-қайғы,
Тағдырды айыптауың, жарамайды!
Біреулер өліктен жəрдем сұрап,
Бейіттер мен қабірді аралайды.
 
Өліктерге табынған бұл амалың,
Шариғатта ең үлкен күнə мəлім!
Бір Алладан тілейтін нəрселерді,
Бір өзіңдей пендеден сұрағаның.
Иманнан бастау алып жалын ішкі,
Доғаралық осымен сабылысты.
Он сегіз мың ғаламның барлығы да,
Жалғыз ғана Аллаға бағынышты.
Одан басқа сұрайсың көмек кімнен?
Пайғамбардың сүннетін жол еттім мен...
Серігі жоқ Аллаға серік қоспай,
Сеніміңді дұрыста мол екпінмен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу