Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  89


Автор: Есбол Бозан

ҚҰМЫРА

Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын)
былай дейді:
«Шын мəнінде, Аллаһ Тағала сендердің денебітімдеріңе, түр-тұрпаттарыңа қарамайды, жүректерің
мен амалдарыңа қарайды».
Имам Муслим



Болдың ба алыпқа теңдес егіз,
Нəпсіңе көңіл бөл ендеше жүз.
Мен сізді «мықты» деп қалай айтам,
Бойыңдағы ашуды жеңбесеңіз.
Болғанмен күшің мол, денең алып,
Бойыңдағы иманың неге қалық.
Бақилық жеңіске жету үшін,
Иманың мен амалың керек анық.
Ақырет деп жүрегің қайғы алмаса,
Алла алдында қадірің болмайды аса.
Адамның денесінен пайда барма?
Тұлғасына иманы сай болмаса.
Көру үшін ұжмақты, сан арайды,
Қара күшке сенгенің жарамайды.
Күні ертең Қиямет болған кезде,
АЛЛА сенің денеңе қарамайды.
Өз нəпсісін тежесе кім ұқтырып,
Ол жүрмейді, əр жерде бүлік құрып.
Қайратыңа сенгенше, ең бірінші,
Иманыңды алғайсың шынықтырып.
 
Дидарыңнан төгілсін бүгін арай,
Төбеңде жаратушы ұлы Құдай!
Хақты ұмытқан адамдар күн кешеді,
Ішінде дəні жоқ құмырадай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу