Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  95


Автор: Есбол Бозан

АСЫЛ ҚАЗЫНА

Зəулім үйде алтынмен жалатылған,
Мəңгілікке тұрақтап қалатын кім?
Сен деген тек қана Жаратқанға,
Құлшылық қылу үшін жаратылдың.
Дүниемен байланса жаның егер,
Қолыңдағы байлықтың мəні кетер.
Бір Аллаға ғибадат қылмасаңыз,
Өйстіп сүрген өмірдің бəрі бекер.
Иманыңмен жүректе болсын арың,
Адасқан да жағатын ол шырағың.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ»,
Деген сөздің мағынасы сол шырағым.
Жүрегіңді басқасын добалдай кір,
Ентігесің қапастан шыға алмай бір.
Талайлары сарайда тұрғанымен,
Шын байлықтың бастауын таба алмай жүр.
Момынға құлшылық кəміл мақсат,
Иман деген ол үшін табылмас бақ.
Кететінін біледі ол, ертелі кеш,
Құдай жаққа түбінде бəрін тастап.
Демегендер: «Сауапты керек етем!»,
Бұл өмірдің рахатына ереді екен.
Жалғыз Алла «иман» деген қазынаны,
Тек сүйген құлына береді екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу