Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  102


Автор: Есбол Бозан

СОҚЫР ЕШКІ

Тасыса да теңіздей күшің мейлі,
Сабыр етпей, ешқандай іс өңбейді.
Мешіттің тыныштығын сақтау лазым,
Бірақ, оны соқырлар түсінбейді.
Түсінбейді сондықтан желігеді,
Босаға да тұрып ап керіледі.
Сүйеніп өзінің ақылына,
Ақиқатты айтуға ерінеді.
Олар толық міндетін ақтаған жоқ,
Анық қой, болған іс Хаққа барлық.
Сүннетімен Нəбидің алысады,
Мешіттің бірлігін сақтаған боп.
Тұрған соң көзге дақ, ақылға мін,
Қайдан сезсін иманның соқыр дəмін.
Білмейді олар халықты түзетем деп,
Мұсылманмен алысып жатырғанын.
Адасудың ашпайық біз есігін,
Ел болсаң, дініңді түзет інім.
Соқыр адам асау бір ешкі сынды,
«Сүз» десе адамды сүзетұғын.
Бұрыс жолдан керек-ақ қайтуға нұр,
Қылмыс болды «əминді» айту қазір.
Талайлары ойыма жүгінем – деп,
Тура жолдан адасып, тайқу да жүр.
Ақымақтың халқына берері кем,
Шыға алмаса шайтанның дегенінен.
Пайғамбардың хадисін даттағандар,
Қияметке барады не бетімен?!
 
Жүрген соң сүннетке талап қылмай,
Мешіттерді ұстайды абақтыдай.
«Азғантай ақыл болса ойланар» деп,
Жыр жаздым оларға, қарап тұрмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу