Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  118


Автор: Есбол Бозан

ТЕКТІ ҚЫЗ

«Расында абыройлы мүмін, ақ ниетті əйелдерге жала жапқандар, дүние, ақыретте қарғалады. Əрі олар үшін  үлкен азап бар».
«Нұр» сүресі, 23-ші аят


 


Сабыр сақта, жігерлен, мұңайма қыз.
Нұр тұнсын иманмен шырайға жүз.
Қуансақта, күлсекте, қамықсақта,
Ертеме-кеш қайтамыз Құдайға біз!
Болған соң ұятың мен арың басым,
Тура жолдан кадамың жаңылмасын.
Бір Аллаһым өзінің сүйген құлын,
Қиындықпен сынайды қарындасым!
Болсаң ылғи Құранмен суаттанар,
Ғұмырыңда көркейіп шуақ болар.
Қаншалық сынаққа сабыр етсең,
Соншалық иманың қуатталар.
Сынақ келсе қарындас Хақтан лезде,
Күпір айтып, жəннаттық бақтан безбе...
Саған сауап жазылар, сыртыңыздан
Біреу сені өсектеп жатқан кезде.
Кейбір дінсіз жоғалтып ақыл-ойды,
Əр ісіңді тасадан бақылайды.
Біл бірақ, нені айтып оттаса да,
Олар сенің тырнағыңа татымайды.
Етсе де сыртыңнан келемеж кім,
Жалғыз ғана датталған сен емессің.
Олар сені əрдайым қызғанады,
Өйткені, сен олармен тең емессің.
 
Кейбір сорлы бақ кілтін таба алмайды,
Қате ойлап мұсылман адам жайлы.
Өз əуретін қорғаған əйелдерді,
Қарақшы деп халыққа жамандайды.
Көзіндегі жиналған шаңды білсе,
Өйтпес еді, оранған жанды көрсе.
Бірақта қарындасым, «тексіздердің
Тектілерді көре алмауы заңды нəрсе!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу