Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  120


Автор: Есбол Бозан

ТАРАЗДЫҢ ТУМАСЫНА

(Саматқа)
Армысың, жүрсің бе досым аман,
Шынайы жауап берші осы маған.
Сен аңсаған жұбайың бола алама,
Анаң сынды ардақты асыл адам.
Сағынышқа жүрсеңде күйіп күнде,
Қосыла алмай өмірлік сүйіктіңмен.
Алайда, Аллаһқа деген махаббатың,
Болу керек олардан биік мүлдем.
Болашаққа жаңадан жолды баста,
Сағынумен өткізбей күнді босқа.
Жұбайыңды қимайсың көңіліңнен,
Ал анаңның өмірде орны басқа.
Жаратқанға алақан жайып тұрып,
Сұрау керек мызғымас байыптылық.
Аллаһ үшін шынайы сабыр қылсаң,
Жібермей ме дертіңнен айықтырып.
Келгейсің намаз оқып тəуір жолға,
Өткен шақты қайтесің жауыр болған.
Сəлем айт мұсылман ағайынға,
Сəлем айт, Тараздық бауырларға!
 
Бар қасірет жүрекке қадалған да.
Құтқаратын шарасыз саналғаннан.
Əлемдердің Раббы жалғыз Аллаһ,
Мейірімді ол сенің анаңнан да…
Қисапсыз қызығынан бар əлемнің,
Қымбаттырақ тура жол саған енді.
Аман болсын жанұяң, асыр салып
Көз алдыңда ер жетсін балаң еркін.
Əрбір адам сүйгенін сағынады,
Еске алып бақытты шағын анық.
Жалғыз ғана Аллаһтан жəрдем тіле,
Көп кешікпей бақытың табылады.
Аман бол, əлі де жолығармыз,
Бір мешітте намазға жығылармыз.
Мауықшылдың жоламай маңайына,
Момындардың қасынан табылармыз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу