Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  180


Автор: Есбол Бозан

ШЫДА ДОСТЫМ

Шыда достым, қайғыға, нəубетке де,
Өмірдің мəні емес дəулет деген.
Жалғыз Алла құлдарын сынауы үшін,
Дүниені айрықша сəулеттеген.
Көрерсің ғажайып жер бедерін,
Аларсың талғаммен ең керегін.
Біл бірақ, дүниеде еш нəрсе жоқ
Жəннаттың бақшасына тең келетін.
Мұсылманның ғұмыры сірə мəлім.
Қиындыққа сабыр ет сұранамын.
Төзімділік танытсаң сынақтарға,
Төгіледі бойыңнан күнəларың.
Табылар тұқыртып, даттайтындар,
Айыбыңды өсектеп жатқа айқындар.
Бұның бəрін елемес жəннаттағы
Жаратқанның сыйлығын аңсайтын жан.
Қаласаң мəңгілік пейішті шын,
Тағдырыңа танытпай кейіс пішін,
Қандай бейнет келсе де, көзді жұмып,
Барлығына шыдауға тиістісің.
 
Жасамас өмірде əркім мəңгі,
Болсын мейлі, көрікті асыл қалпы.
Шыда достым, адамның Алла алдында,
Есеп берер мезгілі жақын қалды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу