Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  78


Автор: Есбол Бозан

ЖЕДЕЛ ХАТ

Иə, Анашым...
Болып тұр балаңның дерті күшті,
Сейілмей тұр, сөнбей тұр, өртім ішкі.
Расында өмірді «құлшылықсыз»
Елестету – қорқынышты.
Иə, Анашым...
Ұмсынып ұжмақтың бағына анық,
Жалғыз ғана Аллаға табыналық.
Өйткені, ешқандай ғибадатсыз,
Өмірде мағына жоқ.
Иə, Анашым...
Күліп ойнап жүреді үнемі кім?
Бұны ойлап саулығым жүдеді тым.
Таң атты шығыстан тағы бізге
Мүмкіндік берілді міне бүгін.
Иə, Анашым...
Түбі өлім келеді айдан анық,
Тығылсақта, қашсақта қайда барып.
Сондықтан, осы бір мүмкіндікті,
Қалайық, пайдаланып.
Иə, Анашым...
Ұлыңның мұң-шері кернеп əр күз,
Жолаушыдай ашықты, шөлде нəрсіз.
Күні ертең əр адам, амалымен
Қалады көрде жалғыз!
 
Иə, Анашым...
Иман болсын жаныңа берік достай,
Жүрсе екен күнəні халық тоспай.
Құлшылық қылайықшы Жаратқанға,
Тек қана серік қоспай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу