Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  122


Автор: Есбол Бозан

САҒЫНУ

Күйбең тірлік кешіп жүріп епті Анам!
«Саған сыйлық алып келдім» деп балам.
Қаттысын өзі шайнап құрманың,
Тəттісін ұсынатын тек маған.
Ардақты Анашымды сағындым!
Сағынғаннан қалам алдым бүгін мен,
Жаңбыр жауып жатырған да көгімнен.
Мен үшінде жаны ғазиз Анамның,
Қаншама рет түн ұйқысы бөлінген.
Сол өткен күндерімді сағындым!
Жердің жүзі жасыл түске боялған,
Мен қиналсам жан-тəнімен аяр жан...
Анашымның құшағында тынығып,
Таң жарымда рахаттана оянған...
Жұлдызды түндерімді сағындым!
Жайдарлы пейілінен гүл атар,
Күліп-ойнап жүргенімді ұнатар.
Көңіліме кірбің түскен шақтар да,
Койнына алып мені ылғи жұбатар...
Еркелеткен сөздеріңді сағындым!
Иə, Анашым! Дидарыңыз арайлы,
Суық түнде жылытады маңайды.
Мына балаң бұл өмірде əрдайым,
Күлімдеп жүргеніңді қалайды.
Мен сізді шын жүрекпен сағындым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу