Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  312


Автор: Есбол Бозан

Аңсау

Айнеляға...


 


Дидарың секілді гүл-көктем,


Ішіне ғажайып сыр бүккен.


Сағынам оралмас сәттерді, 


Өзіңмен аяулым бірге өткен.


 


Қиялға беріліп сан түрлі,


Түбіне көңілдің нәр тұнды.


Сені ойлап өткізем әр түнді,


Сені іздеп жүрегім шарқ ұрды.


 


Алмайын десемде енді еске,


Елесің оралар әр кеште.


Сезімім өшсе де жүректен,


Есімің қалады мәңгі есте.


 


Күтеді біздерді күзгі бақ,


Жаным тұр өзіңсіз тұнжырап.


Дос болып қалайық біз бірақ,


Арамыз болса да тым жырақ.


 


Есбол БОЗАН


Тамыз. 2022 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу