Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  243


Автор: Есбол Бозан

Айнеля

Соңғы кезде болмай жүрмін көңілді,


Сені ойлап көздің жасы төгілді.


Менің жазған әрбір сөзім өмірлі.


 


Тұрғанда мен әзірге жер басып,


Білдірейін сезімімді енді ашық.


Болғанмын-ау саған сірә мен ғашық.


 


Кезіккенбіз алғаш рет жазда біз,


Көркің сенің жүрегіме салған із.


Сызат түсті қызғаныштан жанға жүз.


 


Айта алмадым бұның бәрін ашылып,


Сүйдім сені, сүйдім бәлкім асығып.


Қайтейін мен бұны сізден жасырып.


 


Сезімімді айта алмадым қобалжып,


Соның бәрі жүрегіме болар жүк.


Батылдығым, етеді ылғи сол аздық.


 


Сені бүгін көрдім міне соңғы рет,


Қимастықтан кеттім сірә көп жүдеп.


Бәрі бітті, әрі қарай соқ жүрек!


 


Есбол БОЗАН


12.08.22




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу