Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  220


Автор: Есбол Бозан

Күнәһар

Ләззатты қуамын деп терледім,


Тартып келем енді соның кермегін.


Періште емес, мен де өзіңдей пендемін,


Ғарышта емес, Марста емес, жердемін!


 


Жоқпын әлі мен өзімді жөндеген,


Дертімде көп оған қоса дендеген.


Білмеймін, не күтесің сен менен?


Жүрміз әйтеуір, тірлік қылып елменен!


 


Пәк емеспін мойындаймын күнәдан,


Қылығым жоқ адамдарға ұнаған.


Сәттерім де аз болмады құлаған,


Жасым сүртіп оңашада жылаған.


 


О Құдайым!


Өтінемін, бағымды аш!


Қамал болды нәпсі деген алынбас.


Күнәға болғанымен жаным қас,


Сөзім тікен, қаным салқын, арым лас.


 


Есбол БОЗАН


31.12.22




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу