Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  322


Автор: Есбол Бозан

МУЗА

Өзіңсіз көкейге тұнар мұң,


Дауысыңды естуге құмармын.


 


Құштармын жүзіңді көруге,


Дайынмын сен үшін өлуге!


 


Мүмкін мен жынданған шығармын!


 


Ұнаттым өзіңді, пендемін,


Келмей ме жүректі емдегің?


 


Құбылам сәт сайын сынаптай,


Сезімім жатқан соң шыдатпай.


 


Сағынышыма айналдың сен менің!


 


Түсінші ахуалды мендегі,


Дәл бұлай жыр жазғым келмеді.


 


Барады көкірегім тым күйіп,


Қалдым мен өзіңді шын сүйіп.


 


Ол үшін сөкпеші сен мені!


 


Бәріне шыдаймын төзіммен,


Оқышы сезімді көзімнен.


 


Елемей дүниенің тарлығын,


Түбінде айтамын барлығын!


 


Қалғанда оңаша өзіңмен!


 


Есбол БОЗАН


19.12.22




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу