11.01.2023
  1379


Автор: Жәди Шәкенұлы

МАЙМЫЛДЫҢ ЖОЛБАРЫС БОЛУЫ

 


 


Ерте, ерте, ертеде, маймыл мен түлкі дос болыпты. Бір күні түлкі маймылға:


– Досым-ау, жұрттың бәрі бізді қорқытады. Біз ешкімді қортқыта алмаймыз. Бір амалын тауып, ормандағыларды өзіміге қаратсақ болмай ма? – дейді. Мұны маймылда қостап:


– Өте дұрыс айтасың. Менде ұзақтан бері сондай бір ойда жүрген едім. Сен мені жапырақпен орап, жолбарыс етіп жаса. Басқалардың қорықпағанын сосын көрейік, - депті.


Екеуі осыған келісіп, әуелі қызылды, сарылы сан түрлі жапырақтарды жинапты. Оны бір-біріне матап-байлау үшін қыл-қыбыр, жүн-жұрқа, ағаш қабықтары мен шіліктерге дейін дайындапты.


Сөйтіп оңаша үңгірде түлкі маймылды жапырақтарға орап жолбарыс тектес дәу аң жасап шығыпты. Сосын оны орманға ертіп апарып:


– Бізге жаңадан аң патшасы келді, - деп жар салыпты.


Түрі жолбарысқа ұқсайтын, бірақ, ғажайып аңды көрген бүкіл жан-жануар таң-тамаша                      болыпты.   Түлкі   мен    маймыл    болса    өздерінің   керемет тапқырлықтарына іштей мәз-мәйрам болысыпты.


Қоян, қарсақ тектес көптеген әлсіз жануарлар түлкіге жағатсып, жаңа патшамен танысуға, дос болуға жол іздепті. Тіпті бірнешеуі қонаққа шақырып та үлгерген екен.


Әбден масайраған түлкі бір күні патшаның халықпен кездесу өткісгісі келетінін хабарлапты. Кездесуге жан-жануарлардың барлығы жиналыпты. Жолбарыс болып жасанған маймыл топтың алдына үлкен қошаметпен шығыпты. Ол сөзін енді бастай бергенде кенеттен алай-дүлей боран соғыпты. Жасырынуға мұрша болмай, қатты жел үстіндегі жапырақтардың тоз-тозын шығарыпты.


Жұрт өздерінің патша деп жүргендерінің маймыл екенін бідіп, түлкі екеуін тұра қуыпты.


Жұртқа қарайтын беті қалмаған майыл мен түлкі жан дәрмен қаша жөнеліпті. Түлкі иен татырға қарай қашса, маймыл биік ағаштың басына шығып, зорға құтылған екен.


Содан    бастап,     түлкі    таудың     бөктеріндегі    қырқалардың    арасында бұқпайтайлап күн өткізсе, маймыл ағаштың басынан түспей өмір сүретін болыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу