10.01.2023
  612


Автор: Жәди Шәкенұлы

Мақтаншақ машина

 


 


Жол бойында құйғытқан көк машина әнге басып барады: Қара жолды таптаймын,


Ешкімге қол артпаймын, Зырылдаймын тынбастан, Бекер қарап жатпаймын. Өзімді-өзім мақтаймын, Мақтаймын, мақтаймын!


Мұны естіп қалған асфальт жол шамданып:


– Машина, байқа астында мен болмасам, белгілісің, – деді. Оны қостаған жүргізуші:


– Машина, мен болмасам, қалай жүресің, байқа! – деді. Оларды кәперіне алмаған машина онан ары даурығып:


– Біреуің табанымдасың, біреуің үстімдесің, барлығың менің садақама тұрасыңдар ма, а-ха-хай, о-ох-хой, – деп онан арман әндетті.


Машинаға ыза болған жүргізуші де газды күшейте берді. Ал асфальт жол үзігін төседі, ағынмен келе жатқан машина асфальт жолдың үзіліп, кедір жерге ұласқанын көрді. Бірақ күшті ағыспен келе жатқандықтан өзін тоқтата алмай, секеңдеп, секірген күйі жол шетіндегі сазға кірді. Төрт дөңгелегі батпақ-құйға белшесінен батты. Ол енді жүргізушіге мөлие қарап:


–Жүргізуші-ау, мені шығарып алсаңшы,–деп жыламсырады. Асфальт жолдан кешірім сұрап:


 


– Айтқаныңды ұқпап едім, ендігіде әсте ондай дандайсымайын, көмектесе көріңдер, – деді.


Миығынан күлген саз:


– Асқақтағандарға ескертеріміз көп, – деп солқылдап тұрды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу