10.01.2023
  211


Автор: Жәди Шәкенұлы

Шегірткенің шеберлігі

 


 


Бір шегіртке торғайдан қашып жүріп шыныдағы сүтке түсіп кетіпті. Оны көрген торғай:


– Ей, бейшара, бидайдың баратын жері диірмен,  қайда қашып құтылам дейсің, бір айналып келіп әлің құрығанда алып қайтармын, – деп күліпті. Шынының ернеуі әрі майда әрі терең болғандықтан шегіртке қанша секірсе де өнімі болмапты. Әбден титықтаған оның есіне әлде бір ақыл орала кетіпті де, сүттің ішінде аяғын ескек етіп, тынымсыз секіріпті. Сүтті сабалап есе беріпті, есе беріпті. Аяқтары ауырып, сілесі қатқанша серпи беріпті, серпи беріпті. Ақыры сүттің бетінде         түймедей май пайда болыпты. Майдың төбесіне секіріп шыққан       шегіртке енді бір секіріп жағаға шығыпты. Анадайда оны көріп тұрған инелік:


– Керемет, керемет нағыз шеберлік, нағыз еңбек! Жанталаспай жан қалмайды, – деп алақайлапты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу