10.01.2023
  301


Автор: Жәди Шәкенұлы

Жылан мен шөжелер

 


 


Бір топ шөженің алаңсыз жайылып жүргенін көрген жалпақ басы шұбар жылан оның бірін қылғуды ойлады. Ол осы ойын жүзеге асыру үшін кенеттен шабуылға өтіп, шөжелерге ұмтылды. Тұтқиыл шабуылға өтіп, шөжелерге ұмтылды. Тұтқиыл шабуылдан ес-ақылдарынан адасқан шөжелер бей-берекет бытырай қашты. Жылан соңында қалған бір шөжені қылғып тыныш болды.


Үрейленген шөжелер қашқан бойы ұясына келіп, қызыл қоразға шағынды. Қызыл қораз оларға:


Сендер жылан ұмтылғанда, өзіне қарсы шабуылдасаңдар жеңіске жетесіңдер, берекесіздік түптеріңе жетеді,–деп кеңес береді. Бұл кеңестен кейін өзара ақылдасқан шөжелер ендігі жерде жыланға төтеп берудің қамын жасайды. Ертеңінде жайылып жүрген шөжелерге дәндеген жылан тағы да ұмтылады. Бұл жолы ол барлық шөженің біреуі алдымен жыланның бір көзін шоқып жібереді, енді біреуі және бір көзін шығарады, тағы біреуі құйрығынан тартып сілкілейді, біреуі төбесін тоқылдата шоқиды. Ары-бері арпалысқан жылан көзінен де, әл-қуатынан да айырылды, шөжелер оны шоқып өлтіреді. Өздерінің жыланды өлтіргеніне мәз болған шөжелер:


– Күш бірлікте екен ғой, – деседі.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу