10.01.2023
  171


Автор: Жәди Шәкенұлы

Тауықтардың саудасы

 


 


Бір аулада бес мекиен мен бір әтеш бар еді де, олар шарбақ торда қамалып ұсталатын.


Күндердің бірінде сары мойын мекиен ауыр күрсініп:


– Біз байқұстардың күні қандай десеңші, кешке дейін шарбақ торда боламыз, не сыртқа серуендей алмаймыз, бүйтіп көрген күніміз құрысын, анау суық торғайларды қарасаңшы, еркін ұшып-қонады, – деді. Оны құптаған шұбар мекиен де:


 


– Рас-ау, адамдар бізді қашанғы қамайды? – деп аспанға қарады. Бұлардың сөзін үнсіз тыңдап тұрған кәрі мекиен бір күрсініп алып былай деді:


– Е, біз бен торғайларды қалай салыстыруға болсын, олар еркін жүргенімен, адамзаттың жауы, әрі пайдасы аз, ал біз болсақ, адамзаттың   досымыз, адамдарға пайдалымыз, біз оларға пайда жаратып                      бермесек, бүгінгідей ырғын тұрмысыз да болмас еді, мәселен біздің етіміз, жұмыртқамыз оларға табылмайтын азықтық. Қазір адамдардың тұтыну бағасы өсті, біз күніне бір жұмыртқа тапсақ, олардың есебімен он теңге құн жаратамыз, бұл біздің еңбегіміз, есесіне тамағымыз тояды.


Кәрі мекиеннің сөзі басқаларды мойындатқандай болды.


– Рас, рас, мұның өзі сауда екен ғой. Біз жұмыртқаны көптеп табуымыз керек екен, – деді бұрыштағы екі мекиен.


Бұлардың сөзін естіп:


– Мен адамдарды ертемен оятып қолғабыс етемін, – деді қораз.


– Көрінген жерден ұрлық қылып жан баққанша, тауықтардың саудасын үйренсек жөн екен ғой, – депті мұны естіп қалған бірнеше суық торғай, нағыз қорлықпен өткен өмір біздікі екен, біз де адалдықпен сауда қылсақ, тамағымыз         тояды екен-ау! – деп күбірлесіп кетті олар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу