10.01.2023
  163


Автор: Жәди Шәкенұлы

Бұлақ пен теңіз

 


 


Тау қойнауынан секеңдеп шоршыған бұлақ: Менің атым ақ бұлақ


Аға берем шапқылап. Мөлдір маржан шашамын,


Жағалауға атқылап,–деп өзің әлемдегі теңдесі жоқ суға, бағасы жоқ асылға бағалайды екен. Күндердің бірінде сел жауып, лай батпақ болған бұлақ суы ес-ақылынан айырыла                                домалап өзенге қосылыпты. Өзеннен теңізге құйылғанда есін жиған бұлақ айналасына қарапты. Ұшы-қиыры жоқ көк теңіздің шымырлап қана жатқанын көріпті. Ол сонда барып “нағыз ұлылық деген нәрсе айдын шалқар теңіздің асып таспай сабасында жатқаны екен-ау!” деп жалғыз тамшыдай жайын еске алып қатты ұялған екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу