10.01.2023
  551


Автор: Жәди Шәкенұлы

Құмырсқаның суға ағуы

 


 


Көктемде су тасып, құмырысқаның илеуін бұзып кетеді. Суға аққан құмырысқаралдың біреуі ағашқа жармасып, біреуі шөпке жармасып аман қалады. Бірақ, бір кішкентай құмырысқа судың ортасына қарай ағады. Суға бір батып, бір шыққан ол:


– Құтқарыңдар, құтқарыңдыр! – деп айқайлайды. Мұны естіген қара қарға: – Өзінде де обал жоқ, – деп кете береді. Су шетіндегі бақа:


– Өзің малтап шықпайсың ба? – деп ақыл айтады.


– Құтқарыңдар, құтқарыңдар! – деген құмырысқаның үні әлсірей береді. Мұны естіп қалған көгершін аузына ши тістеп суға қарай ұшады. Шидің ұшын құмырысқаға қарай созады. Өлуге анайлған құмырысқа шиге жармасып, жағаға аман шығады. Өзін құтқарушыны іздемек болған құмырысқа ұшып бара жатқан көгершінді көреді. Көреді де жалма-жан:


– Рахмет, ақ көгершін! – деп айқайлайды. Ал көгершін болса:


– Жақсылық үшін рахметтің керегі жоқ! – деп көзден ғайып болады. Жағада тұрған жан-жануар, аң-құс көгершіннің бауырмалдығына дән риза болады.


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу