👈 қаріп өлшемі 👉

  07.01.2023
  119


Автор: Түркі халықтары

Құстың жаманы – сауысқан,
Ағаштың жаманы – азған (итмұрын),
Жердің жаманы – қаз(ыл)ған,
Адамның жаманы – барсыған(дықтар). (Махмуд Қашқари бұл жерде жауыз деген сөзді жаман деген мағынада қолданған. – Тəрж.)
Құстың жаманы сауысқан болса, ағаш тектес өсімдіктің жаманы – итмұрын.
Итмұрын – ақ, сары гүл ашатын маржандай тізілген қызыл миуасы бар өсімдік. Біздің жақта мұны бақшаның айналасына егеді. Ол отынға жарамайды. Жақсаң, ұшқындары шашырап, киім-кешек пен үй мүліктерін күйдіріп жібереді. Жердің жаманы ойлышұңқыр қазылған, батпақты жерлер саналады. Өйткені ондай жерлерге шатыр тігуге, егін егуге болмайды. Адамның ең жаманы барсығандықтар. Себебі олардың мінезі жаман, өздері опасыз келеді.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы