Өлеңдер ✍️

  06.01.2023
  540


Автор: Жахан Елжан Абзалұлы

Өмір өзен

Құстар кетті қоштасып


Кетті көзден


Бұлт бастыма көңілді


Қоңыр күзбен


Жаздың орнын күз басты


Жетіп уақыт


Аялдамай өтіп жатқан


Өмір өзен!


 


Өтіп кетті балалық


Өтті жастық


Мән бермеппіз өткенге


Біздер мас боп


Қанша адамға пайдаң тиді


Білесіңбе?


Қанша адамның өміріне


Қылдың қастық?


 


Кеткің келмей


Жалғанның базарынан,


Әр нәрсенің есебі


Күтер алдан.


Бітер сенің уақытың,


Бітер демің,


Ешкім әлі құтылмаған


Сұм ажалдан.


 


Әр тіршілік татып көрер


Ажал дәмін


Сол дәммен бітіп, өшер


Өмір шамың!


Пәк жүрекпен келгеннен соң дүниге,


Сол жүректі кірлетпеудің


Қыл амалын!


Құстар кетті қоштасып


Кетті көзден


Бұлт бастыма көңілді


Қоңыр күзбен


Жаздың орнын күз басты


Жетіп уақыт


Аялдамай өтіп жатқан


Өмір өзен!


 


Өтіп кетті балалық


Өтті жастық


Мән бермеппіз өткенге


Біздер мас боп


Қанша адамға пайдаң тиді


Білесіңбе?


Қанша адамның өміріне


Қылдың қастық?


 


Кеткің келмей


Жалғанның базарынан,


Әр нәрсенің есебі


Күтер алдан.


Бітер сенің уақытың,


Бітер демің,


Ешкім әлі құтылмаған


Сұм ажалдан.


 


Әр тіршілік татып көрер


Ажал дәмін


Сол дәммен бітіп, өшер


Өмір шамың!


Пәк жүрекпен келгеннен соң дүниге,


Сол жүректі кірлетпеудің


Қыл амалын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу