Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  382


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Ардагер арманы

Өлімге де иілмейді өр басым,
Өр басымды бұлттар қалай торласын.
Құлағыма келеді үні соғыстың,
Миым менің ми емес у, қорғасын...
Жан – жүрегім, жүйкем бәрі қорғасын,
Тартып келем, тағдырдың бір арбасын.
Тайғақтамай жерге табан тіредім
Түскен кезде азаматтық арға сын..
Бұл өмірдің аштысын көп тартыппын,
Жастық кетті, құрбаны боп бақыттың.
Атылмаған мен өзім де тірі оқпын
Қорытылған қазанында уақыттың.
Болашаққа бақыт берсем, дем берсем,
Бейбіт күннің сәулесімен тербелем.
Армансыз боп өтер едім өмірден
Соғыстың сол, соңғы оғы боп жерге
енсем!...
9/май 1987 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу