Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  124


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Ғашық таңнан....

Ғашық таңнан,
Ғасырға тең бақ табам,
(Бақытымды қызғанғаннан сақтанам)
Елмен жердің иесі, ерлер тұрғанда,
Алға шығып, билік айту жат маған.
Айналамнан ашылып, бір көк тұман,
Сүйгенімнен басқа өмірді, жоқ кінәм.
Бірақ, іштей – «қараны да, ханды да
Мендей әйел туған шығар», деп тұрам...
Адамдықтың таразысы ар болар,
Ақыл – дария, қаңсымасын арналар.
Тексіздік қой, саңғып кете береді,
Қыран құстың тұғырына қарғалар!..
Тоқтамайды, уақыт жүйрік жолды
ұтқан,
Жаным ашыр жабыларға шаң
жұтқан.
Көресімді көріп келем, осы бір –
Бойға біткен тәкаппарлық, паңдықтан
Жұлдыздарым түнде көзін ілмейді,
Өспейтіндер бірін бірі күндейді.
Биіктерге қарап, өскен биіктер
Бауырында не боп жатыр? білмейді...
Айым менің,
тіл қатса егер айдан
кеп,
Айналдырып, ұстауға оны
айлам жоқ.
Қорқам...
мерт боп құлан құзға
құласа –
Құрбақалар құлағында ойнар деп...
Айым мені – айналардай
айдан кеп.
20/ XII-1991 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу