Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  113


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Туған жер…

Үстінде туған жерім Көкжайдақтың,
Бабамдай, бауыр басып көп жайлаппын.
Шомылып Ақсуыма Ақбалықтай
Тұнығын қанша ішсемде қанбай
қаппын.
Қызықтап, табиғатын шалғай жақтың,
Кеудеме сағынышты шамдай жақтым.
Тартылып туған жердің құдіретіне
Тамсанып, таңырқап бір таңдай
қақтым.
Арманға қанатымды талмай
қақтым,
Сәулеңді тамырдағы қанда
ойнаттым.
Туған жер, сенің алтын қазығыңа
Орап бір кіндігімді мен байлаппын.
Қазығым! қайда жүрсем асығармын,
Арнаңнан асып тасып,
басылармын.
Түбінде ұшып барып мен өзіңе
Бір уыс топырағың боп қосылармын
Өзегі өрт өз балаңды жатырқамай
Ақсуым. толқыныңа қосып алғын.
15/XXI-1991 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу