01.01.2023
  215


Автор: Жанұзақ Аязбеков

«Мен ештеңеден ұялмаймын »

Инстаграмдағы парақшасында Баян Есентаева қазақ екенін, жүрегі де, жаны да қазақ екенін, не істесе де қазақ тілін, мәдениетін және шығармашылығын дамыту үшін жасалатынын айта келе «Мен ештеңеден ұялмаймын.» депті. Мұны газеттер іліп алып,сан-саққа жүгіртіпті.Бірақ Баяндікі -имантаразы. Ал ана сүті аузынан кеппеген жас рэпер Сәнім Әлбосынова                         ғаламторда атасындай Заттыбек пен Тұрсынбекті                                         «құшағында тұншықтырғысы келетінін, фигурасы аттікіндей өте сұлу» екенін, «ернін армандап, қатты жылап оянатынын», «Заттыбек пен Тұрсынбек мен үшін шал болса да, мен қазақтың аруы нағыз ерді аңсаған» деп, екеуін атын жеке-жеке атап, «Сәнім тек сізді сүйеді» деп клип түсіріп ғаламторда таратып жіберді. Оқушы, көрермен деді, дегенде не деді?! «Айқын» , «Абай kz» басқа да ақпарат құралдары талдап, талғап көрді, айыптады. Қара пиар қазақ қызын қарабет қылудан тайсалар емес. Бірақ     қаршадай қыз да, клип жасаған да қыңбайды. Олар: бұл қазіргі жастардың әзіл- қалжыңы, «мен ескішіл адам емеспін, қыздың ата-анасы қаланың адамдары. Ескі көзқарасты ұстанбайды»-дейді, бейнебаян түсіруші Шыңғыс Әлкеев.(«Айқын»)


Осы күнгі біраз замандастарымыз әгараки аузыңыздан «бұрын»,     «әдепсіздік», «имансыздық» деген сөздер шыға қалып, сол заматта сізді «ескі адамсыз», «көштен қалғансыз»     деп біраз жерге апарып тастаса таңданбаңыз да, ренжімей-ақ қойыңыз. Қазіргі радикалдар қазақ қоғамындағы бүгінгі заманауи құбылыстарға ұлттық тұрғыдан баға беруді, ұлттық реңк беруді суқаны сүймейді. Кешегі десеңіз, қытығына тиесіз. Мұндайда, кешегіні айтқығыңыз келсе келістіріп айтыңыз, ұтымды да жұтымды етіп айтыңыз. Әйтпесе, бәрі бос шығын.


Жалпы, жаңалыққа, жаңғыруға ұмтылғандардікі жөн.      Жаңа дәстүр, жаңа рух болып жатса жатсынбайық! Үлгі етер жаңа рухани, әдеп- ғұрып, ұстанымды айтсын. Бірақ, бәріде қазақтың болмыс-бітісіне үйлесіп жатса.. Ұлтымыздың тегіне тән қасиеттері жатсынбаса, жарасып тұрса, нұр үстіне нұр! Ал егер, жаһандық үдеріс ұлттың уызын шайқап-төгіп кетсе, сақтану керек. Жойылып жатқан ұлттардың трагедиясы осы бір елене қоймайтын   ұсақ     құбылыстардан                      басталған.         Яғни                       ермелік,                            еліктеушіліктің         түбі дүбәрәлікке, мутандыққа әкеп соқпасына кім кепіл? Айтпақшы, мутант демекші аға газетіміз («Егемен Қазақстан») Семейдің Абыралы өңірінде тұрпаты бөлек қара қасқырдың пайда болған туралы мақала жариялап, сараптай отырып тілші: « Сыртынан үңілгендер Семей полигонының зардабынан, яки радиациядан пайда болған мутант-қасқыр дейді» -деп бір сұмдық ойдың ұшығын жылт еткізді.


Айтайын дегенім..сөзімнің басында айтқан «Мен ештеңеден ұялмаймын.» дегенінен шығады. (Контекстен жұлып алып жалаулатты демесін) Ұялмаймыз деп ұяңдықтың емес, ұяттың түбірін жұлып алмасақ болғаны..


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу