01.01.2023
  123


Автор: Жанұзақ Аязбеков

Дауыс

..Колледждің дәлісізінде келе жатып, есігі сәл ашық бөлмеден шыққан дауысқа бірден елең ете қалдым. Тыңдаған сайын елітіп, жанымды баурап, жүрегімнің басын жылытып барады. Ести бергім келеді. Ол кітаптан әлдекімнің жырларын оқып тұр екен. Он екі-он үштердегі қыз бала, түріне қарасаң әлі де ана сүті аузынан кеппеген сәбидей уылжып тұр. Ал даусы: отыздардағы жігерлі, орныққан, байсалды кісінікі. Өзі –бала, сөзі-дана, осы заманның төлі. Дауыс демекші..


Ғаламтордағы «ulas.kz» сайтынан      дүниеден озған алаштың біртуарларының тірі дауысына тап болдым.


Мұхтар Әуезов сөйлегенде бастапқыда, әр сөзіне екпін беріп, сөйлемдерінің арасына


 


сәл кідіріс жасап, мәнерлеп айтқанда ашаң үні саңқылдай шықты. Бірте –бірте сүрлеу жолда маң-маң басқан аруанадай, бипаздап, көсіліп қоя береді екен.


 


сөздері Әуезов:


 


«Алты жасар шағымда, үлкен әкемнің киіз үйінде бір күні қағазға жазылған өлең көрдім. Үлкендер әндетіп, бала атаулы өзіміз шырқатып жүрген ән сөзі                       қағаз жүзінде үнсіз, жым-жырт болып жатыр дегенге таң болдым.» Әсіресе «таң болдым» дегенді айрықша екпінмен қадай айтты. Әуезовтің әуезді үнін тыңдаған сайын бауырына жылынған кісідей кіре бересің.


Ал Бауыржан Момышұлы сөзді ақырындап бабпен бастап бірте-бірте нығыздай келе, аяқ астынан гүр ете қалады да, сәлден соң кілт қалпына түсіп созып, мәнерлете сөйлеп кетеді екен. «Менен артық, менен батыр, менен ақылды жігіттердің соғыста өліп кеткенін көзіммен көрдім»- дегенде «Менен артық, менен батыр, менен ақылды » деген сөздерді гүр-гүр еткізіп , созылта ызбайлана айтқанда селк ете қаласың. Содан соң әлгі сөздерден кейін іле баяулап: «Олардың имандары жолдас болсын. Олардың әруағының алдында тізе бүгіп, басымды иемін» деп сабырлы аяқтайды. Хас батыр сұсы да мысы да даусынан сезіліп тұрды.


Қазақ киносының классигі Шәкен Айманов «Транссібір экспресі» фильмінің кадр сыртынан домбыраны шерте отырып майда жұмсақ биязы дауысымен «Жиырма бесті» сыздықта жібектей есе жөнелді: «Өмірге-ай, аңсап туып-ай, асыға өткен, дүниеге адам қонақ ескен желдей» Бұл ешкімге ұқсамайтын, тек Аймановқа тән қоңыр дауыс.


Ал Мұқағали Мақатаев, көз көрді, құдай берген түр-тұлғасы ірі, кең пішілген сыбатты кісі болды. Бірақ.. даусы..                             дауысы жеңіл, әлі    түбітмұртты ұяң бозбаланың даусындай әсер етті. Өз өлеңдерін әлдекімнен жасқана, қысыла оқитындай тәрізді. Мұхаң оқып отыр: «Пай пай өмір өтесің-ау бір күні. Тиясың-ау, қуанышты, күлкіні. Өмір деген бір жарқ еткен найзағай, өмір деген көк аспанның күркүрі. Болмағандай, жүрмегендей сенде біз, кетеміз-ау, біз кетеміз-пендеміз. Ұрпақтарға береміз де кезекті, біз кетеміз, кету үшін келгенбіз» деген жыр жолдарын өзге біреудікіндей еріне, менсінбей тым жайбарақат оқи салған сияқты..


Марқұм әнші әрі жазушы Жәнібек Кәрменовпен     университетте бірге оқыдық. Сайтта « Айттым сәлем қаламқасты» қойған екен. Жәкеңнің түр тұлғасы да кең пішілген,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу