28.12.2022
  507


Автор: Сейітқұл Оспанов

Бейбітшілік құсы

 


 


Күн жексенбі. Лұқпан Айнұрды паркке қыдыртуға алып шықты. Аялдамаға келіп автобус күтті. Автобус жуық арада келе қоймады. Кенет Айнұрдың тас жолдың үстінде қауырсыны үрпі-түрпі шашылған, жұдырықтай аппақ әлденеге көзі түсті.


– Папа, анау не? – Кәне.


– Әне, жолдың үстінде.


Лұқпан Айнұр қолын сілтеген жаққа қарады.


 


 


– Құс қой, – дей салды. – Қандай құс?


– Көгершін. – Көгершін?! – Иә.


– Бейбітшілік құсы... Сонда қалай, машиналар Бейбітшілік құсын басып кеткені ме?


Айнұр қатты ренжіді. Ол бұрын әр жерден машиналар қағып кетіп өлтірген мысықтар мен күшіктерді көріп жүретін. Жаны түршігетін. Оларды жолдан ешкім алып тастамайды, сол күйі жата береді, машиналар үстінен зымырап басып өте береді.


Айнұр түсінбейтін. Шоферлердің көздері көрмей ме, әлде кілең тас жүректер ме?


Ал енді мынау тіпті сорақы. Қайдағы бір қаңғыған мысық пен күшік емес, Бейбітшілік құсы...Жарқырап нұрын төккен күн мен зеңгір аспан төсінде шаттана қанат қағып жүретін құс. Мерекелерде әсіресе көгершіннен қала аспаны көрінбейді. Аспан төсіндегі қанатты аппақ гүлдер. Кітап, журнал, газет беттері ақ көгершіндерге толы... Енді, міне, машиналар мұның бәрін мүлде білмейтін секілді. Жұдырықтай ақ көгершінді – Бейбітшілік құсын үстінен зу-зу басып ағылып жатыр...


Айнұр папасының бетіне жаутаң-жаутаң қарады.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу