28.12.2022
  537


Автор: Сейітқұл Оспанов

Ауылда тұрғым келеді...

 


 


Бүгін таңертеңгі пойызбен Ажар мен Айнұр ауылдан келді. Лұқпан оларды күтіп алды. Жолда таксидің ішінде ол:


– Айнұр, қалай, ауыл жақсы ма екен? – деді. – Жақсы. Қаладан жақсы, – деді Айнұр.


– Неге?


– Солай. Ауыл тып-тыныш. Ағылып жатқан машина жоқ. Бұлақ сарқырап ағып тұр. Сиыр, қой, ешкі, есектерді зоопарктен емес, қораның ішінен көресің.


Таңның қалай атқаны, кештің қалай батқаны – бәрі анық, күнді қаладағыдай биік үйлер қалқаламайды. Қалада «Айнұр, абайла», «алысқа ұзама, машина басып кетпесін» деп әбден ескертіп боласыңдар. Ұзағырақ ойнап кетсем, іздеп әуре боласыңдар. үнемі рұқсат сұрауым керек... Өзен жоқ, көл жоқ... Ауылда әжелер көп. Әжелер ұрыспайды, тек жақсы көреді... Ауылда тұрғым келеді, – деді ол.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Қырғызбек Айша
Қырғызбек Айша 23.12.2023 16:39
Ауыл

Пікір жазу