Өлеңдер ✍️

  28.12.2022
  918


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Көзбояушы өмірді қояйықшы!

 


Жәннәтім деп, желіде жалпылдаған,
Көбейіп тұр ұл -қыздар жалтыраған.
Сүйіп, жуып, аяғын анасының,
Жүргенменен, күні көп, салқындаған.


Қайтсын сенің бұл елің, іреңіңді,
Ата-анаң, көрмесе жылы өңіңді!
Екі қолың аузыңа жеткеннен соң,
Теріс бұрып кетесің жүрегіңді!


Жақсы көрем дейсіңдер, өкпелетіп,
Күн түскенде басыңа өткел етіп.
Көлегейлеп, көз алды жүрсе де көп,
Ұмытады тек анаң, кеткенді өтіп.


Өз перзентің болғанда, еріп іштен,
Қасіретің тұрады болып үстем.
Қарғамайды ұл-қызын ата-ана,
Алла өзі шешеді көріністен.


Жалған жылу өзгеден, татып дәмін,
Өзіміз де, білмейміз бақыт барын.
Алла разы, ата-ана разы болса,
Тақпайықшы әркімге, уақытқа мін!


Жетем десең, мерейлі ынтымаққа,
Қаламасаң түскенді, күн -түн отқа.
Мейлі қалай болса да, ата-анаң,
Әрбір сөзін, құрметтеп, іл құлаққа!


Барлығыңды келмейді тұншықтырғым,
Шын құрметті сүйемін, тыншып күнім.
Көзбояушы өмірді қояйықшы,
Қоймай тұрып, маңдайды қыршып бір күн..!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу