13.12.2022
  445


Республика. Ерікті ел -Қазақстан

Арқалық қаласы білім бөлімі


№2 жалпы білім беретін мектебінің


9 «В» сынып оқушысы Төлегенов Бақдәулет


Пән мұғалімі жетекшісі: Ерденова Г.М.


 


Эссе


« Республика! Ерікті ел –Қазақстан!»


Республика! Ерікті ел –Қазақстан! Шіркін! осы күнді ата-бабаларымыз қанша күтті десеңізші... Қазақтың «Қазақстан» болып қалыптасуына қанша хан,қанша батырларымыз бар ерік, күш-жігерін, қанын төкті. Сол кісілердің бар арманы болашақ ұрпағы біз еркін, ерікті елде өмір сүруіміз еді. Шүкір, бұл күнге де жеттік.


Қазақстан–зайырлы мемлекет.Мен сол зайырлы мемлекетте білім алып жатқаныма қуанамын. Елімізде бәрі дамыған, оқимын дегенге бар жағдай жасалған. Ал кезінде ата-бабаларымыз қанша сауатты болғысы келіп, бір кітап пен газетке, қаламға душар болды. Білім іздеп шарқ ұрды, хат танымай талай адам өз есесі мен еңсесін түсіріп алды. Ал бізге қазіргі жағдайда бар жағдай жасалынып тұр.Қажетті білімімізді алып, сауатты, білімді тұлға болып қалыптасып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз қажет.


Қазақстан –Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан территориясы Еуразияның жүрегінде, дархан даланың төңірегінде. Әлем бойынша жер орнынан тоғызыншы орынды алуда. Бұл дегеніміз, бізге ата-бабалардың қалдырған –аманаты. Қазақта: «аманаттың жүгі ауыр»,-деген сөз бар. Ал, аманатқа қиянат жасамауымыз үшін не істеуіміз керек? Әрине, қолдауымыз керек, қорғауымыз керек. Барынша елімізді, жерімізді аялауымыз қажет, сүюіміз керек! Мен өз еліме деген махаббатымды өлең-жолдарыммен жеткізсем бе деп едім:


Туған жер –туған топырақ!


Қымбатсың, данасың, дарасың,


Алтыннан қымбат бағаң шын.


 


Туған жер –алтын мекен!


Тарихың бағалы не еткен?!


Асылсың жақұт мекен.


 


Туған ел –егеменді,


Туған жер көркем еді.


Ерікті ел –Республика!


Қазағым еңселі елі, -бұл менің өз мекеніме, Республикама деген кішкентай махаббатымның бір бөлшегі.Қазақстан сонымен қатар жері жағынан ғана алдыңғы орында емес, сонымен қатар экономикасы мен өнері жағынан да, білімі жағынан да басқа елдерге қарағанда алдыңғы қатарда. Экономикасы мен білімінің қасына не үшін өнерін қосып отырмын?! Себебі ол да ерікті, атақты, зайырлы мемлекет болып қалыптасуымыздың көрінісі. Мысалы сонау он тоғыз бен жиырмасыншы ғасырлардағы Париждің төріне барып, барша халықты өз аузына қаратқан Әміре Қашаубаевты айтуға болады. Және де тағы да танымал әнші Димаш Құдайбергеннің де әлемдік деңгейде өнер көрсетіп, ел алдына шығуы –Қазақстанның кеңдеп танылуына, аты шығуына өз үлесін қосуында.


Міне, осымен жерінде Мендеелевтің жүз сексен элементі кездесетін байлықтың үстінде тұрған бай да ерікті Қазақстан Республикасы жайлы елде тұрып жатқанымыздың өзі –бір бақыт дегім келеді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу