07.12.2022
  796


Еркін күрестен спорт шебері Дәурен Ғалымжанұлымен сұхбат

Спорт денсаулықтың мықты болуының бірден бір себепшісі. Тәні саудың жаны сау деген сөз де бекер айтылмаса керек. Бүгінгі сұхбатымыздың қонағы ҚР еркін күрестен спорт шебері Дәурен Галымжанұлы.


- Қош келдіңіз Дәурен.Алдымен өзіңізді қысқаша таныстырып кетсеңіз.


- Менің есімім Дәурен,еркін күрестен ҚР ның спорт шеберіСпортпен айналысып жүргеніме 10 жыл уақыт болды.Түркістан облысы,Сарағаш қаласының тумасымын.


- Бұл спорт түріне қалай келдіңіз? 


- Осы спорт түріне бала күннен қызығушылығым мол болды. Қазақ болғаннан кейін күрес қанымызда бар.Кейіннен жарыстарға шығып, күреске деген қызығушылық одан әрі арта түсті.


- Тамаша, Дәурен мырза.Жалпы спортта жеңіс те бар, жеңіліс те бар. Сіз үшін жеңіліс деген не?


- Жеңіліс арқылы адам өз қателіктерінен сабақ алуы тиіс.Екінші жағынан жеңіліс адамға мотивация береді.Өзіңнің қателіктеріңді көріп,кайта қайталамауға тырысасың.


- Неге біздің елден әлі күнге дейін Әлем чемпионы шыққан жоқ? Қалай ойлайсыз,оныі себебі неде?


- Негізі жастар арасында және жасөспірімдер арасында Әлем чемпиондары бар. Ал неге ерлер арасында жоқ деген сұраққа жауап беретін болсам,көптеген жастардың шыдамы соңына дейін жетпейді.Мысалы жасөспірімдер арасында чемпион болады да, ары қарай талпынбайды.Спортты тастап, кетеді, басқа қызығушылықтары пайда болады. Ағаш бір жерде тұрып көгереді ғой. Спорт та сол секілді. Шыдамдылықты талап етеді. Фокусты бір жерге ұстап тұрар болсақ, бізден де Әлем чемпионы шығуы сөзсіз.


- Иә,сізбен толықтай келісемін. Қазіргі таңда шәкірт тәрбиелеумен айналысып жүргеніңіздң білеміз. Жалпы шәкірт тәрбиелеудег ұстанымыңыз қандай?


- Иә, шәкірт тәрбиелеп жүрмін,7-12 жас аралығындағы балалар.Бұйырса, болашақ чемпиондар. Осы айдың соңында,Алматы қаласында өетін жарыста бақ сынаймыз.Жүлделі ораламыз деген үміттемін.


- Сізге тек қана сәттілік тілеймін. Артқан сеніміңіз ақталсын. Ал өз әріптестеріңізге шәкірт тәрбиелеуде қандай кеңес берер едіңіз?


- Әсіресе жасөспірім балаларды дайындайтын кезде өте мұқият болыңыздар.Себебі, баланың спортқа деген махаббатын өсіру де өшіру де тек сіздің қолыңызда. Әр түрлі техникаларды үйреткенде еш қателіксіз орындауын қадағалау керек.


- Дұрыс айтасыз.Ал болашақ чемпионның бойында қандай қасиет болуы керек?


- Тек спортта емес, кез келген салада жетістікке жету үшін адам бойынан 3 қасиет табылуы керек. Табандылық, еңбекқорлық және есеп беру.


- Ал енді, соңғы сұрағым, аға ретінде, спортшы ретінде жастарға берер кеңесіңіз?


- Спортпен айналсыңыз. Өзіңіз үшін, болашағыңыз үшін. Спорттың адам өмірінде алар орны ерекше. Денсаулық адамға берілген ең үлкен аманат. Аманатқа зиян тигізбей, қолда барда қадірін біліңіздер.


Ал Дәурен мырза, сөзімізді жерге тастамай, сұхбат беруге келіскеніңіз үшін алғысым шексіз. Тек жақсы күндерде жолыққанша құрметті оқырман.Аман сау болыңыздар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу