Өлеңдер ✍️

  05.12.2022
  599


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Телефон

Телефонда бүгінгі назарымыз,
Байланғандай бес күндік базарымыз.
Мейір, көңіл, уақыт, өліп жатыр,
Мәнсіз күнге, өзіміз жазалымыз.


Жын-жыбырға, ыржыңдап сауық құрып,
Рақат дейміз, рахаттан, ауып тұрып.
Бал күндерді балталап, жойып жүрміз,
Келер күнге аямай қауып құрып.


Бірі іске салып жүр пайдаланып,
Өсек қуып бірі жүр майдаланып.
Зияның да, пайдаң да осы боп тұр,
Әлемдегі, жаңалық, жайға қанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу