Өлеңдер ✍️

  04.12.2022
  686


Автор: Амантай Әбдіқанұлы

Шолпан


Шолпан
(ән үшін)


 


Аспандағы азайған ба жұлдыздар?
Бұл әлемде шолпан атты бір қыз бар.
Мен білмеймін қашан жерге түскенін,
Содан мені қызғанады бұл қыздар.

Жұлдызды да саралайтын болдым мен,
Көкке де көп қарамайтын болдым мен.
Айналайын ақ шолпаным қайда деп,
Қара жерді аралайтын болдым мен.

Арман қуып қуаратын болдым мен,
Жанды жаспен суаратын болдым мен.
Бір шолпанға мың жұлдыздай жыр жазып,
Жалғыз айдай туар ақын болдым мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу