Өлеңдер ✍️

  04.12.2022
  198


Автор: Амантай Әбдіқанұлы

Айналыс


Қарасаң әлемге де, атырапқа,
Біп-бірдей жапырақ жоқ «Жапырақта» .
Ал енді, сан алуан заттың бәрі
Айналады бәрі бірдей топыраққа.

Топырақ қалмас, бірақ,
Тоқырап та,
Қайталап тіршілікті отырад та.
Отасып отыңмен де, суыңмен де
Басады жер баяғыдай шоқыраққа.

Жатқанда сонша әлем шыр айналып,
Келмейді-ау маған өмір бір айналып!
Пыспаған күнбағыстай күнге бағып,
Мойнымда момын басым тұр айналып.
Пысқан соң,
Шаруасына пысық тағдыр,
Жұлып ала қояды-ау бұрай қалып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу